Оқиға

Алматы облысында кептелісте тұрған Mazda-ны екі жүк көлігі мыжып тастады – видео

© Instagram / kris_p_almatyДве фуры раздавили иномарку
Две фуры раздавили иномарку  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Жол апатынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі зардап шекті. Оны шұғыл ауруханаға жеткізген

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Mazda-626 екі жүк көлігінің арасында мыжылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарап кетті. Одан қызыл түсті жеңіл автокөліктің екі жүк көлігінің арасында мыжылып қалғанын анық көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty | KZ | Telegram (@kris_p_almaty)

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты бүгін сағат 10:00-де Алматы облысындағы Көкөзек ауылына жақын жерде "Жібек жолы – Елтай – Боралдай" тасжолында болған.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, HUALING жүк көлігінің жүргізушісі кептеліс кезінде қашықтықты сақтамай, Mazda-626-ны соққан. Одан кейін жеңіл көлік инерциямен алдында тұрған VOLVO жүк көлігіне соғылған", - деді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.

 Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі зардап шекті. Оны дереу ауруханаға жеткізген. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Жаңалықтар
0