06:09 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4735 0 0

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт қоқыс пен құрғақ шөпті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Көкшетауда саяжайлардағы 16 үй отқа оранды, деп хабарлады Хабар 24 Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 8 мамырда сағат 12:44-де "101" пультіне "Целинник" және "Авиатор" саяжай кооперативтерінің учаскелерінде құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы ақпарат түскен.

Өрт 5 гектар аумаққа шарпығаны анықталды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 73 адам және 8 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Шымкентте өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды 

Сондай-ақ Көкшетау техникалық иститутынан 25 курсант және 2 техника, жергілікті атқарушы органдардан 4 қызметкер және 4 техника қосымша тартылды.

"Өрттің салдарынан 16 саяжай отқа оранды. Оның алтауы "Целинник", оны "Авиатор" саяжай кооперативтеріне тиесілі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт қоқыс пен құрғақ шөпті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан", - деді Көкшетау қалалық төтенше жағдай басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Тақырып бойынша

Маңғыстау облысында төтенше жағдай: жүк көлігі газ құбырына соғылды - видео
Бір үйдің 5 баласы көз жұмды – Жамбыл облысында пәтер отқа оранды
Мүгедек ұлы үйде қалып қойған: Қостанай облысында қайғылы оқиға болды
Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты: бір адам қайтыс болды – видео
"Бұл – сұмдық": Солтүстік Қазақстанда жеті үй өртеніп кетті – видео
Загрузка...

Басты тақырып