09:53 21 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4070 0 0

Айсұлу Айтпаева қызын Грузияға алып кеткен күйеу баласы жазадан құтылып кетеді деп қауіптеніп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Грузияда қайтыс болған қазақ қызының анасы тергеудің әділ болуын талап етіп отыр. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген Айсұлу Айтпаева туысының күйеуін де айыптады. Ер адам Әселді Грузияға алып барған. Оның әрекетінен басқа да қыздар зардап шегуі мүмкін.

Бұған дейін терезеден секіріп кеткен Әсел Айтпаеваның өлімі бойынша Грузия азаматының ұсталғаны белгілі болды. Оны зорлау және адамды өзіне қол салуға дейін жеткізу әрекеті үшін жазаға тартып отыр. Ал Әселдің анасы күйеу баласын да жазаға тартуға мүдделі. Себебі оның кесірінен қызы зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. 

"Оны күйеу бала алып кеткен. Сол күні Қазақстаннан әртүрлі рейспен бес қызды жіберіпті. Ал Әсел қайтыс болған күні ол Нұр-Сұлтанға ұшып келді", –дейді Айсұлу Айтпаева.

Оның айтуынша, Грузияда күйеу баласы тегін ауыстырып жүрген. Бірақ олай неге істегені әзірше белгісіз.

"Мен Әселдің өліміне дейін түнгі сағат он бір жарымда онымен сөйлескенмін. Сол кезде соңғы рет тілдестік. "Мама, бәрі жақсы" деді. Бірақ мен оның бір нәрсеге алаңдап тұрғанын сездім. "Көмек, әлде ақша керек пе?" деп сұрадым. Оның жанында біреу болған сияқты", – деп атап көрсетті анасы.

Әселді Грузияға көлік алып-сататын бір фирмаға шақырған. Бірақ күйеу баласы оны алдап кетті.

"Менде аудиожазбалар бар. Ол жерде бір ер адам қызымның үстіне қайнаған су құямын деп қорқытады. Сосын "секір, секір" дейді. Қазір Грузияда біреуді ұстады деген ақпарат шықты. Бірақ мен күйеу баламның жазаланғанын қалаймын. Сонда ол түк болмағандай жүре ме? Ол да, оның туыстары да кешірім сұраған жоқ", – деді Айсұлу Айтпаева.

Айта кетейік, 5 мамырда Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева терезеден секіріп, қайтыс болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Әсел Грузияға бір ай бұрын ақша табуға кеткен. Ал бірнеше күн бұрын жақындарымен байланысқа шықпай қойған.

Келесі күні қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-10 жылға дейін сотталады.

Қайтыс болған қыз өлерінің алдында құрбысына жантүршігерлік аудиожазба жіберген. Бұл туралы оның бөлесі "Экспресс К" басылымына берген сұхбатында айтты.

Оқи отырыңыз: Алматыда тауға шыққан ер адам күтпеген жағдайға тап болды: оқиғаның мән-жайы

Аудиожазбада қыз туысқанының бизнес әріптесімен сөйлескен. Одан терезеден секіріп кеткенге дейін қызды зорлап, сатып жібергенін анық түсінуге болады. Оның ар-намысына тиетін біраз сөз айтылды. Тіпті, "мүгедек қылып тастаймын" және "өлтіремін" деп қорқытқан.

Тақырып бойынша

Грузияда қазақ қызы белгісіз жағдайда көз жұмды
Терезе түбінен тапқан: Грузияда қаза болған қазақ қызына қатысты мәлімет тарады
Қазақстан азаматы Грузияда 20 жылға сотталуы мүмкін
Денесі әр жерде шашылып жатыр: Таразда жантүршігерлік жол апаты болды
Грузияда микроавтобус жардан құлап кетіп, 17 адам көз жұмды
Загрузка...

Басты тақырып