16:16 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
523601

Грузияның тәртіп сақшылары бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Соның ішінде зорлау және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу әрекеттері де бар

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Грузияда қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған ер адамға зорлады және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Грузияның бас прокуратурасы ұсынған мәліметке сәйкес, 5 мамырда күдікті қызды өлтіремін деп қорқытқан. Сосын зорлап тастады.

"Жәбір көрген қыз ауыр психикалық соққы алған. Ол өз-өзіне қол салды", - дейді тергеушілер.

6 мамырда қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-10 жылға дейін сотталады.

Тағы оқыңыз: Терезе түбінен тапқан: Грузияда қаза болған қазақ қызына қатысты мәлімет тарады

Қайтыс болған қыз өлердің алдында құрбысына жантүршігерлік аудиожазба жіберген. Бұл туралы бөлесі "Экспресс К" басылымына берген сұхбатында айтты. Аудиожазбада қыз туысқанының бизнес әріптесімен сөйлескен. Одан терезеден секіріп кеткен қызды зорлап, сатып жібергенін анық түсінуге болады. Оның ар-намысына тиетін біраз сөз айтылды. Тіпті, "мүгедек қылып тастаймын" және "өлтіремін" деп қорқытқан.

Бұған дейін Қазақстан азаматы Әсел Айтпаева Грузияда белгісіз жағдайда көз жұмғаны туралы хабарланған болатын. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Әсел Грузияға бір ай бұрын ақша табуға кеткен. Ал бірнеше күн бұрын жақындарымен байланысқа шықпай қойған.

Кілт сөздер:
қазақ қызы, Грузия
Загрузка...

Басты тақырып