04:51 06 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.85
  • EUR512.35
  • RUB5.71
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2463 0 0

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында ірі жол апатынан екі ер адам көз жұмды.

Адам өмірін қиған жол апаты 3 мамырда Самара-Шымкент тасжолында, "Тұлпар" кемпингінің маңында болды, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Police AKTOBE (@policeaktobe)

Полицияның мәліметінше, Қызылорда облысының 33 жастағы тұрғыны ВАЗ-2105 автокөлігін жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан.

Жүк көлігінің рөлінде 40 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны болған.

Апат салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен 29 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, полиция апатқа көбінесе жол қозғалысы ережелерін ескермеу, атап айтқанда, жылдамдық режимін сақтамау, қарсы жолаққа шығып кету және тағы басқа жағдайлар себеп болатынын атап өтті.

Тақырып бойынша

Талдықорғанда вокзалға бұзақыны ұстауға барған полицей ауруханадан бір-ақ шықты
Ақтөбеде ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды
Ақтөбеде 44 жастағы әйел жүк көлігінің астына түсті
Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды
Алматы полициясы мылжа-мылжасы шыққан ондаған мәйіт туралы видеоға түсініктеме берді
Загрузка...

Басты тақырып