Оқиға

Түркістанда жаппай төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды – видео

© Sputnik / Абзал Калиев Ограбление, иллюстративное фото
 Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2021
Жазылу
Қазіргі кезде бейнежазбадағы ер адам ұсталып, қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді және сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Тапа тал түсте көшенің қақ ортасында бір топ ер адамның өзара жаға жыртысуы мен асқан қатыгездікпен бір-бірін соққыға жыққан сәті түсірілген видео Іnstagram желісінде жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл видео Түркістанда түсірілген болып шықты. Кадрда асфальт үстінде жартылай жалаңаштанған ер адамның қолына пышақ ұстап, жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Оның артынан ақ түсті ВАЗ көлігі келе жатыр.

Кенет қара жейде киген ер адам жол жиегінен шыққан көлікті айнала қаша бастағанда, пышақпен қаруланған ер адам тарпа бас салып, оны қуа түседі. Көліктен екі жігіт шығып, араша түсуге тырысады. Алайда әлгі жалаңаштанған адам, қара киімді адамға қарата ауыр затты (тас немесе кірпіш) лақтырады. Шүйдесіне деп тиген соққыдан қара жейделі кісі көшенің қақ ортасында шалқасынан құлайды. 

Осы оқиғаға байланысты Түркістан облысының полиция департаментінің қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс тіркеді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес кезінде екі тұрғын көз жұмды: 11 адам ұсталды

Қазіргі кезде бейнежазбадағы ер адам ұсталып, қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0