Оқиға

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО істен шықты: басшылық себебін түсіндірді

© Photo : "Правительство для граждан"АвтоЦОН
АвтоЦОН - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2021
Жазылу
"Азаматтарға арналған үкімет" мекемесінің басшысы қызмет көрсету орталықтарындағы келеңсіздіктер үшін кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жүйесінің істен шығу себебін түсіндірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басқарма басшысы жұмыс процесіндегі олқылықтың орын алу себебі қолданыстағы ақпараттық жүйелердің тозуымен байланысты екенін атап өтті.

"Өкінішке қарай, 10 жыл бұрын 30-40 қызмет түрін ұсыну үшін енгізілген жүйелер бүгінгі таңдағы жүктемені көтере алмайды. Сондықтан қазір мамандарымыз ХҚКО ақпараттық жүйесін ауқымды модернизациялауды бастады. Алдымен арнайы орталықтарда көрсетілетін қызметтерден бастаймыз", – деп жазды Кожықов.

Ол жұма күні болған ірі ақаулардан кейін мекеме қызметкерлері ақпараттық жүйенің мәселелерін шешу үшін жұмысқа шыққанын еске салды.

Ал қазіргі кезде мамандандырылған ХҚКО клиенттерге қалыпты жағдайда қызмет көрсетуде.

"Біз елдегі жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Ахуалдық орталықтың мамандары қандай да бір келеңсіздіктер туралы дер кезінде нақты хабарлайтын болады. Осы кезге дейін орын алған олқылықтар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз", – деді ол.

Қожықовтың айтуынша, ертең халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері филиалдарда клиенттердің жаңа легін күтіп, қарқынды режимде жұмыс істеуге дайын.

Оқи отырыңыз: Енді ХҚКО қызметкерін кеңсеге шақыртып қызмет алуға болады

Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жүргізуші куәлігін мен мемлекеттік нөмір беру, көлік құралдарын тіркеу сияқты қызметтерді ұсынады.

Сонымен қатар мұндай орталықтарда қазақстандықтар жол жүру мен көлік жүргізу ережелеріне ​​арналған теориялық және практикалық емтихандарды да тапсыра алады.

Жаңалықтар
0