10:13 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4613 0 0

Ішімдікке тойып алған ер адам өгей әкесін орындықпен ұрып, есінен тандырған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында өгей әкесін өлімші етіп сабаған жігіт ұсталды. 

Құқық қорғау орындарының мәліметінше, өгей әкесін мұндай халге жеткізген 32 жастағы азамат бұрын да бірнеше рет сотты болған. Ішімдікке тойып алған ол өгей әкесін орындықпен ұрып, шала жансар етеді. Бұл туралы полицейлерге жігіттің анасы хабарлап айтқан, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Екібастұзда әйел күн көрсетпеген өгей әкесін ашу үстінде өлтірді 

Ауыр соққының әсерінен есінен танып қалған ер адам шұғыл ауруханаға жеткізілді.

"Күдікті анасына қонаққа келген. Алкоголь ішу кезінде өгей әкесіне реніші есіне түсіп, ағаш орындықпен жәбірленушіні ұра бастаған", - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

32 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айып тағылды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Загрузка...

Басты тақырып