07:00 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
93 0 0

Алдын ала болжам бойынша Саин даңғылындағы жол апаты шұғыл сол жақ бетке ауыспақ болған Renault Sandero жүргізушісінің кінәсінен болған

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Саин даңғылы мен Асқаров көшесінің қиылысында екі жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тройная авария на ул. Саина: столкнулись Рено, Пежо и пассажирский автобус
© Sputnik / Стрингер
Көліктердің бірінің жүргізушісі шұғыл сол жақ бетке ауыспақ болған

Жол апатына қатысушылардың барлығы Саин даңғылының бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатқан: Renault Sandero ортаңғы қатарда, ал Peugeot Partner шеткі сол жақта жүріп отырған. Аяқ астынан Renault шұғыл сол жақ бетке ауыспақ болған. Алайда көлікті басқара алмай, металл қақпалауышқа соғысқан.

Тройная авария на Северном Кольце: Hyundai получил повреждения, но водитель не пострадал
© Sputnik / Стрингер
Жол апатында Renault Sandero жүргізушісі зардап шекті

Осы сәтте Peugeot жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, Renault көлігіне соғысқан. Соққы күшінен Renault аялдамада тұрған №38 жолаушылар автобусына барып соғылды. Жол апатында Renault Sandero жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.

Ал жол апаты болған кезде автобуста жолаушылар болмаған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Загрузка...

Басты тақырып