Оқиға

Макинск құс фабрикасы отқа оранды – фото

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Пожар на Макинской птицефабрике
Пожар на Макинской птицефабрике - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Өрт кезінде ғимарат бос болғандықтан құстарға зиян келген жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Бейсенбі күні кешке Ақмола облысының Бұланды ауданындағы Макинск құс фабрикасының №7 ғимараты отқа оранды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Макинск құс фабрикасындағы өрт
Макинск құс фабрикасы отқа оранды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Макинск құс фабрикасындағы өрт

"Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде 43 минут ішінде 800 шаршы метр аумақтағы тілсіз жау ауыздықталды. Сөйтіп қызыл жалынның басқа объектілерге өтуіне жол берілмеді", – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области №7 ғимараттың 800 шаршы метр аумағы күлге айналды
Макинск құс фабрикасы отқа оранды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
№7 ғимараттың 800 шаршы метр аумағы күлге айналды

№7 ғимараттың жалпы ауданы 1 930 шаршы метрді құрайды. Өрт салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт кезінде ғимарат бос болғандықтан, құстарға да зиян келмеді.

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер
Макинск құс фабрикасы отқа оранды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер

Айта кетейік, оқиға орнында 10 өрт сөндіруші-құтқарушы мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің үш маманы және Макинск құс фабрикасының жеті қызметкері жұмыс істеді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0