Оқиға

Түркістан облысында түрмеде отырғандар ессіз әрекетке барды - тексеріс басталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивное фото заключенного
Архивное фото заключенного - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар отырған колонияда қызметтік тергеу жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Түркістан облысындағы ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқан алты сотталған өзін жарақаттады, деп хабарлады ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл әрекетке есірткі саудасына байланысты 10 жылға сотталған 28 жастағы азамат бастамашы болған.

"Кісі өлтіру, қарақшылық және есірткі саудасы үшін сотталғандар өзін жарақаттады. Оған тінту жұмыстарын жүргізу мен қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің ішкі тәртібін сақтауға келіспеушілік себеп болған", - деп түсіндірді комитетте.

Наразылық акциясына алты адам қатысты. Департамент олардың болмашы жарақат алғанын айтты.

"Оларға колония қызметкерлері дереу медициналық көмек көрсетті. Денсаулығы қанағаттанарлық, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", - деп түсіндірді Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Талғат Әбдіранбаев.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді

Сонымен қатар департамент бастығы сотталғандардың мекеме әкімшілігінің заңды әрекеттеріне теріс көзқараста екенін, олардың түзеу жолына түскісі келмей отырғанын жеткізді.

Мән-жайды анықтау мақсатында оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Аталған факті тіркеліп, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0