Оқиға

Алматыда кәріз құдығынан есі кіресілі-шығасылы үш адам табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековОткрытый канализационный люк, иллюстративное фото
Открытый канализационный люк, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Есептегіш құралындағы көрсеткішті жазып алмақ болып құдыққа алдымен бір жұмысшы түскен. Ал қалған екеуі оны құтқармақ болыпты

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Алматыда жанармай бекетінің үш бірдей жұмысшысы кәріз құдығына құлап, бақилық бола жаздады, деп хабарлады КТК.

Құдықта қалғандарды құтқару сәтін куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Кадрда көрініп тұрғандай, нәжістен бөлінген газдың иісіне тұншыққан жұмысшылардың есі кіресілі-шығасылы.

Анасы көз жұмды, балалары ауруханада: Шымкентте Өзбекстаннан келген отбасы уланып қалды

Оқиға жанармай құю бекетінің аумағында болды. Есептегіш құралындағы көрсеткішті жазып алмақ болып құдыққа алдымен бір жұмысшы түскен. Ал қалған екеуі оны құтқармақ болыпты. Алайда өздері де уланып, құдықта есінен танып құлаған. Үш жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Метан газы ми мен өкпесін, бауырын зақымдаған. Соған қарағанда құдықта олар ұзақ уақыт жатып қалғанға ұқсайды. Себебі, у қанға да сіңген дейді дәрігерлер.

"Үш жұмысшы кәріз құдығында метан газымен уланған. Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп құтқарып қалды. Әйтпесе оқиға қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді", - дейді Алматы қаласы құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Бауыржан Исабаев. 

Жұмысшылар техникалық қауіпсіздікті сақтамады деген болжам бар. Құтқарушылар оларды құдықтан шығарған кезде тыныс алу жолын қорғайтын құрал табылмаған. Полиция тексеру бастады.

Егер техникалық қауіпсіздіктің сақталмағаны анықталса, жанармай бекеті басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Жаңалықтар
0