Оқиға

Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы жұбайымен бірге қаза болды

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги Турциии и Казахстана
Флаги Турциии и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Халил Улуер табысты бизнесмен болған. Ол пандемия басталғанда Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуге атсалысқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір — Sputnik. Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы Халил Улуер жұбайы Фатмамен бірге жол апатына түсіп қаза болды. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы хабарлады.

"Халил Улуер тек өз елінің емес, қазақ халқының нағыз жанашыр досы еді. Қазақ-түрік бауырластығы мен ынтымақтастығы үшін елеулі үлес қосып еді. Қазақстанның көк туын түрік жұртында әрдайым желбіретіп, Қазақстан үшін мақтан тұтатын біртуар асыл азамат еді", – деп жазды Сапарбекұлы Facebook парақшасында.

Ол Халил Улуердің пандемия кезінде қазақстандық студенттерге қол үшін аямай көмектесіп, Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдаған қамқоршылардың алдыңғы шебінде болғанын атап өтті. 

Елшінің сөзіне қарағанда, Улуер Қазақстанға инвестиция тарту жағынан көп еңбек етті. Қазақстан мен Түркияның бауырластық қарым-қатынастарын дамытуға барын салды.

Түркияның Fibhabe басылымы таратқан мәліметке сәйкес, Улуер туризм, авиация мен бұқаралық ақпарат құралдары саласында 8 компания басқарды. Жол-апатында қайтыс болған ерлі-зайыптылардың екі ұлы және бір қызы қалды.

Айта кетейік, құрметті консул жұмыс берген елдің мемлекеттік қызметкері болып саналмайды. Ол өз еркімен еңбек етіп, азаматтардың құқықтарын қорғап, тапсырмаларды орындайды. Құрметті консул виза және тағы басқа ресми құжаттарды рәсімдемейді.

Жаңалықтар
0