Өңірлер

Семей тұрғыны Ертіс өзеніне құлап кетті

© Photo : ДЧС Павлодарской областиСпасатели на Иртыше
Спасатели на Иртыше - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Жағалауда жүрген балалар дауыстап көмек шақырған соң, жақын маңдағы екі жігіт жүгіріп келіп, батып бара жатқан азаматты құтқарып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір — Sputnik. Семей қаласының тұрғыны Ертіс өзеніне құлап кетті, деп хабарлады Алтайньюс.

Мужчина идет по мосту в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2020
Оқиға
Нұр-Сұлтанда селфи жасамақ болған жігіт көпірден өзенге құлап кетті
Оны бірінші болып жағалауда жүрген балалар байқаған. Олар дауыстап көмек шақырған соң, жақын маңдағы екі жігіт қол ұшын созуға ұмтылыпты.

"Оқиға бүгін Семейдегі Понтон көпірінің маңында болды. 22 жастағы Әбілмансұр Төлеуғали есімді жігіт суға түсіп, батып бара жатқан азаматты алып шыққан. Ал Мерей Мәуітбеков дейтін азамат жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп үлгерген", – деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар
0