Оқиға

Сүйіктісін іздеген жігіт көшеге мылтық алып шықты: жарақат алған бір адам аяғынан айырылды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Полиция жеке үйге оқ жаудырған жас жігітті іздестіріп жатыр. Егде жастағы ер адам жарақат алып, аяғынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Алматы облысында жас жігіт жеке үйге оқ жаудырған. Полицейлер оның кім екенін анықтады. Қазіргі кезде іздеу шаралары атқарылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новостной сайт (@kaskelenkz2)

Әлеуметтік желіде тараған видеода жерде қанды және оқтың жатқанын көруге болады. Криминалистер әрбір оқты белгілеп кеткен.

"Бүгін 25-сіне қараған түн, үйде кәдімгідей қан. Үйге келіп, атып кетті. Міне, қақпаны атқан. Ашылмағаннан кейін есікті теуіп, ішке кірген. 20 оққа дейін жатыр. Қанға қарау мүмкін емес. Ағамыздың бір аяғының сүйегі шашылып, оқ жаман тиген. Қаскелен ауруханасы қарамай, қалаға жіберді. Бір қызға бола, оқ жаудырды. Сіңлім балаларын алып қашамын деп, қолын кесіп алды. Ол да ауруханаға кетті", - дейді видео авторы.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Қарасай ауданындағы Шалқар ауылында болған. Жас жігіт қызын іздеп, жеке үйге оқ жаудырған. Сол кезде 62 жастағы ер адамның аяғына оқ тиген. Ауруханада оның сол аяғын кесіп тастауға тура келді.

Оқи отырыңыз: Таразда 19 жастағы жігіт балаларға оқ атты – үшеуі ауруханаға түсті

"Оның жағдайы өте ауыр. Қазіргі кезде өкпені жасанды желдету аппаратына қостық", - дейді дәрігерлер.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – Қаскеленнің 29 жастағы тұрғыны. Қазіргі кезде оны іздеу шаралары басталып кетті. Қылмыстық кодекстің 24-бабы және 99-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтар
0