Оқиға

Атыс пен арнайы операциядан кейінгі "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің кейпі – фото

© Sputnik / Тимур БатыршинЦветы у ЖК "Бухар Жырау Тауэрс" после инцидента со стрелком, который закрылся в квартире
Цветы у ЖК  Бухар Жырау Тауэрс после инцидента со стрелком, который закрылся в квартире - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшісі "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешеніндегі 17-қабаттағы алаңды суретке түсіріп алды. Мұндағы пәтерде екі күн бұрын адамдарға оқ атып, өз-өзіне қол жұмсаған ер адам тұрған. Оқиға орнының қазіргі жағдайы қандай екенін материалдан көріңіз

Полиция "алматылық атқыш" тұрған пәтердің есігін арнайы сары таспамен бекітіп тастаған. Баспалдақ алаңындағы қабырғаларда атылған оқ іздері байқалады.

© Sputnik / Тимур Батыршин"Алматылық атқыш" бекінген пәтер есігі мөрленген
Атыс пен арнайы операциядан кейінгі Бұқар жырау тұрғын үй кешенінің кейпі – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
"Алматылық атқыш" бекінген пәтер есігі мөрленген

Құқық қорғау органының қызметкерлері әлі де үй подъезін күзетуде.

© Sputnik / Тимур БатыршинБаспалдақ қабырғасы мен шытынаған шыныда оқ іздері анық көрінеді
Атыс пен арнайы операциядан кейінгі Бұқар жырау тұрғын үй кешенінің кейпі – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Баспалдақ қабырғасы мен шытынаған шыныда оқ іздері анық көрінеді

Еске салсақ, сенбі, 24 сәуірде қаруланған ер адам алдымен "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешені күзетшісінің аяғына оқ атты. Одан кейін ол 17-қабаттағы өз пәтеріне кіріп, бекініп алды.

Полиция 9 сағат бойы күдіктіні құрықтауға тырысты. Кейін белгілі болғандай, құқық қорғау органдарының қыметкерлері 6 сағат бойы ер адаммен келіссөз жүргізген. Полиция тіпті оның таныстарын да бұл процеске қатыстырған. Алайда ер адам ешқандай талап қоймаған және өз әрекетінің себебін де жария етпеген.

© Sputnik / Тимур Батыршин"Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінде ер адам адамдарға оқ жаудырып, кейіннен жоғарғы қабаттағы терезеден секіріп кетті
Атыс пен арнайы операциядан кейінгі Бұқар жырау тұрғын үй кешенінің кейпі – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
"Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінде ер адам адамдарға оқ жаудырып, кейіннен жоғарғы қабаттағы терезеден секіріп кетті

Полиция департаментінің дерегінше, құқық қорғау қызметкерлері адам өміріне қауіп төндірмейтін қаруларды (жарық-дыбысты, жарық-шулы гранаталар) қолданған.

Баспалдақ алаңына қарай шамамен 30 рет оқ атқан ер адам терезеден секіріп көз жұмды.

© Sputnik / Тимур БатыршинСитуация в ЖК "Бухар Жырау Тауэрс" после инцидента со стрелком, который закрылся в квартире
Бұқар жырау тұрғын үй кешенінде ер адам бекінген пәтердің сыртқы есігі - Sputnik Қазақстан
1/3
"Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінде ер адам бекінген пәтердің сыртқы есігі
© Sputnik / Тимур БатыршинСитуация в ЖК "Бухар Жырау Тауэрс" после инцидента со стрелком, который закрылся в квартире
Оқ іздері қабырға төбесінде де көптеп кездеседі - Sputnik Қазақстан
2/3
Оқ іздері қабырға төбесінде де көптеп кездеседі
© Sputnik / Тимур БатыршинСитуация в ЖК "Бухар Жырау Тауэрс" после инцидента со стрелком, который закрылся в квартире
Жанай ұшқан оқ іздері қабырғаны шұрқ тесік күйге түсірді - Sputnik Қазақстан
3/3
Жанай ұшқан оқ іздері қабырғаны шұрқ тесік күйге түсірді
1/3
"Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінде ер адам бекінген пәтердің сыртқы есігі
2/3
Оқ іздері қабырға төбесінде де көптеп кездеседі
3/3
Жанай ұшқан оқ іздері қабырғаны шұрқ тесік күйге түсірді

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0