Оқиға

Полиция оқ жаудырған ер адамды неліктен ұзақ уақыт бойы ұстай алмағаны белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейское авто
Полицейское авто - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ол үйді жалға алып тұрған. Бірнеше ай бұрын әйелі балаларымен бірге кетіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Алматы полициясы оқ атқан ер адамның ұзақ уақыт ұсталмауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Көп пәтерлі үй болғандықтан біз алдымен тұрғындарды эвакуацияладық. Сосын ол азаматтан берілуін талап еттік. Полиция қару қолданған жоқ. Тек дыбыс шығаратын арнайы гранаталар болды", -  деді полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, қайтыс болған ер адам көршілерімен жиі жанжалдасқан. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйді жалға алып тұрған. Бірнеше ай бұрын әйелі балаларымен бірге кетіп қалған.

"Ер адамның жасы 56-да. Жеке басы анықталды. "Аллаху әкбар!" деген сөз айтылған жоқ. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат", - деп түйіндеді Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда полициямен атысқан ер адам 17-ші қабаттан секіріп кетті

Еске сала кетейік, күндіз "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшінің аяғына оқ атты. Содан соң кешке дейін пәтерде жасырынып отырды. Сағат кешкі жеті шамасында полиция қарулы адамды ұстау бойынша арнайы операцияны бастады.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарулы адам құқық қорғаушылармен келіссөзге келмей, оларға қарсы оқ атты. Ол бұған дейін көршілеріне дөрекі мінез көрсеткен. 

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы жарақат алған күзетшінің қаладағы медицина мекемелерінің біріне жеткізілгенін, жағдайы қалыпты екенін мәлімдеді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

 

 

Жаңалықтар
0