Оқиға

"Бұқар жырау" кешенінің тұрғыны оқиғаға не себеп болғанын айтты

© Sputnik / СтрингерСтрельба в ЖК "Бухар Жырау"
Стрельба в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
Ер адам мен күзетші арасында жанжал тұрғын үй кешенінің кіреберісінде жарты жылдан бері тұрған диванға байланысты туындаған болуы мүмкін. Себебі дивандарды арнайы мамандар сыртқа шығарып тастаған

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. "Бұқар Жырау" кешенінің тұрғыны ғимаратта атыс шығуына не себеп болғанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұйықтап жатқанмын. Мылтық даусынан ояндым. Жақын жерден даусы анық естілді. Бұл сағат 12.40-та болды. Есікті қағып, эвакуация жасалып жатқанын айтты. Бастапқыда түсінбей қалдым. Киінбей шыға салдым. Жаттығып жатқан шығар деп ойладым. Кейіннен оның күзетшінің аяғына оқ атқанын білдім", - деді ер адам Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның сөзінше, күзетшінің аяғына оқ атуына сол жерде жарты жылдан бері тұрған диванның кенет далаға шығарылғаны себеп болуы мүмкін.

"Жарты жылдан бері кіреберісте дивандар тұрды. Пәтер иелерінің кооперативі шаршаған болу керек, оларды көшеге шығарды. Оқ атқан адам шығып, соған жынданған. Күзетшіге барып, "рацияңды бер, бастығыңмен сөйлесемін, неге олай істегенін сұраймын" деген. Ал күзетші рацияны беруге құқығы жоқ екенін айтқан. Ал ол күзетшінің аяғына оқ атқан. Оны ауруханаға жіберіпті. Бірақ мұның қаншалықты рас екенін білмеймін. Маған осылай айтты, мен соған сенемін", - деді тұрғын.

Оқи отырыңыз: "Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніндегі атыс: шабуыл басталды

Көршілері қаскүнем күзетшіге оқ атқан қаруды паркингке лақтырған болуы мүмкін екенін айтты.

"Ол жақта қыздар жүгіріп жүрген, олар қару көргендерін айтты. Егер ол жағдай сағат 11.50-де болса, неге мен 12.30-12.40-та қару дауысынан ояндым? Меніңше, ол қаруын жоғалтып алды. Пәтерінде басқа қаруы болуы мүмкін. Егер ол далада оқ атса, жоғары қабаттағы мен қалай естимін. Ол оқ атып, қаруын тексерген шығар", - дейді алматылық.

Айта кетейік, Алматыда "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешенінде күзетшіге күндіз оқ атқан адам пәтерге кіріп, полициядан оқ атып қорғанып жатыр. Тұрғындар оның бұрын да көршілерге дөрекі мінез көрсеткенін айтады. 

Жаңалықтар
0