Оқиға

"Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніндегі атыс: арнайы жасақ араласты

© Sputnik / СтрингерСтрельба в ЖК "Бухар Жырау"
Стрельба в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
Қылмыскер көп қабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерге жасырынған. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратты жарып жіберемін деп қорқытуда

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір - Sputnik. Бүгін түстен кейін Алматыдағы "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің күзетшісін жарақаттаған ер адам пәтерге жасырынды. Полицияға оқ атуын жалғастыруда, деп хабарлайды оқиға орнынан Sputnik Қазақстан тілшісі.

Күдікті терезеге белгісіз хабарламасы бар постер іліп қойды.

Әлеуметтік желіде үйдің тұрғындары ер адам бұрын да көршілеріне агрессия көрсеткенін айтты.

© Sputnik / СтрингерКүзетшіге оқ атқан ер адам бірнеше сағат бойы жасырынуда
Бұқар жырау тұрғын үй кешеніндегі атыс: арнайы жасақ араласты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Күзетшіге оқ атқан ер адам бірнеше сағат бойы жасырынуда

"Ол күзетшіні жаралады. Енді тығылып, оқ атуын жалғастыруда", - деді тұрғын үй кешені тұрғындарының бірі Sputnik Қазақстанға.

Оның айтуынша, ер адам бұған дейін де көршілеріне дөрекілік көрсеткен. Тіпті оны тұрғындардың желідегі чаттарының бірінен бұғаттап тастауға тура келген.  

© Sputnik / Тимур Ниталиев"Бұқар жырау" кешенінің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы хабар алысып отыр
Бұқар жырау тұрғын үй кешеніндегі атыс: арнайы жасақ араласты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
"Бұқар жырау" кешенінің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы хабар алысып отыр
"Тұрғындардың тағы бір чатында оның жарып жіберемін деп қорқытқаны туралы хабарлама жүр. Бізде 23 қабат, шамамен 600 пәтер бар", - деді тұрғын.

Оқиға орнында полиция департаментінің бастығы генерал-майор Қанат Таймерденов жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр. Полиция не болып жатқаны туралы әлі түсініктеме берген жоқ. Журналистерді оқиға орнына жақындатпады.

© Sputnik / Тимур Ниталиев"Бұқар жырау" тұрғын үй кешені
Бұқар жырау тұрғын үй кешеніндегі атыс: арнайы жасақ араласты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
"Бұқар жырау" тұрғын үй кешені
Жаңалықтар
0