Оқиға

Нұр-Сұлтанда алабай зейнеткер мен оның күшігін талап тастай жаздады - видео

© Photo : СС0 / shelma25Алабай
Алабай - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2021
Жазылу
Әйел күшігін қорғамақ болған кезде оны алабай қауып алған. Қазір әйел екпе алуда, ал оның күшігі ветеринарлардың бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Полицейлер Нұр-Сұлтанда 71 жастағы әйел мен оның қасына ерткен күшігіне тап берген иттің иесін іздестіруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын желіде иттің күшікке тап берген сәті түсірілген видео тарады. Полиция алабайды бейнебақылау камераларының көмегімен тапты.

"Қазір алабай аса қауіпті құтыру ауруының бар-жоғын анықтау үшін ветеринариялық бақылауға алынды", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен әйел медициналық мекемеде профилактикалық екпе алуда, оның күшігі ветеринарлық клиникада емделуде.

Полиция департаментінің қызметкерлері алабайдың иесін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0