Оқиға

Алматы облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты: зардап шеккендер бар

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуТемір жол өткелі, архивтегі сурет
Темір жол өткелі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі азаматтың жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатқызылғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Алматы облысында жүк пойызы мен автокөліктің соқтығысуынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Оқиға 10 сәуірде Қапшағай қаласында тіркелген. Жүк пойызы мен BMW көлігінің соқтығысуы теміржол өткелінде болды. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған үш адам қалалық ауруханаға жатқызылды.

"Теміржол өткелінде тыйым салынған бағдаршам белгісіне бағынбаған 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы BMW көлігі жүк пойызымен соқтығысты. Жылжымалы құрам 39 минуттан кейін сапарын жалғастырды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен 1984 және 1979 жылы туған екі азаматтың жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатқызылғанын атап өтті. Үшінші пациенттің жағдайы орташа асқыну дәрежесінде екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда отқа оранған пойыз видеосы тарады – төтенше оқиғаның мән-жайы

Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0