19:57 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
7261 0 0

Ер адам қолына пышақ алып, әйелін буындыра бастаған. Амалы қалмаған келіншек жантүршігерлік қылмыс жасады

АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Алматы облысында әйел күйеуін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 4 сәуірде болған. Шамалған станциясының 57 жастағы тұрғынының мәйіті өз үйінен жүрек тұсына пышақ сұғылған күйінде табылды.

"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы ер адамға 54 жастағы әйелінің пышақ сұққанын анықтады. Сонымен қатар ер адамның бұған дейін бірнеше рет әйелін ұрып-соққаны белгілі болды. Бұл жолы да ер адам мас күйінде қолына ас үй пышағын алып, әйелін оятқан. Оны ұрып, буындыра бастаған. Амалы қалмаған әйел пышақты жұлып алып, ер адамның кеуде тұсына сұққан", - деп жазды Facebook-те облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.

Күдікті қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы ("ұстап алу негіздері") бойынша бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін уақытша ұстау изоляторында болады.

Оқи отырыңыз: Ер адам қызы мен күйеу баласын өлтірді - жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы

 

Кілт сөздер:
мәйіт
Загрузка...

Басты тақырып