Оқиға

Алматы облысында қайғылы оқиға болды: екі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты  

© Sputnik / СтрингерСмертельное ДТП в Алматинской области
Смертельное ДТП в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
ВАЗ-2114 қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысты. Жүргізушілердің бірі көз жұмып, бірі ауруханаға жеткізілді

АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Алматы облысында жол апаты адам өмірін қиды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

© Sputnik / СтрингерАлматы облысында жол апаты болды
Алматы облысында қайғылы оқиға болды: екі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Алматы облысында жол апаты болды

Қайғылы оқиға Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында болды.

© Sputnik / СтрингерЕкі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты
Алматы облысында қайғылы оқиға болды: екі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Екі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты

ВАЗ-2114 автокөлігі Қарасай батыр көшесімен келе жатқан. Осы кезде жаяу жүргінші "зебра" арқылы жолдан өтуге ыңғайланады. Жүргізуші адамды қағып кетпеу үшін рөлді бұрып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан ВАЗ-2107 автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

© Sputnik / СтрингерЖүргізушілердің бірі көз жұмды
Алматы облысында қайғылы оқиға болды: екі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жүргізушілердің бірі көз жұмды

ВАЗ-2107 жүргізушісі алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. ВАЗ-2114 жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

 

Жаңалықтар
0