Оқиға

Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті: арасында екі бала бар

© Sputnik / СтрингерЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Volkswagen Passat қарсы бағыттағы Toyota Corolla көлігін өткізбей, бұрылыс жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Құқық құрғау органдары өкілдерінің мәлімдеуінше, қиылыста тұрған көлік жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Corolla-ны өткізбеуі салдарынан жол апаты туындаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Наурызбай ауданындағы Жандосов пен Дәулеткерей көшесінің қиылысында болды.

© Sputnik / СтрингерVolkswagen Passat көлігі қарсы бағыттағы көлікті өткізбей, бұрылыс жасаған
Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті: арасында екі бала бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Volkswagen Passat көлігі қарсы бағыттағы көлікті өткізбей, бұрылыс жасаған

Volkswagen Passat Жандосов көшесімен батыс бағытқа қарай келіп, қарсы бағыттағы Toyota Corolla маркалы автокөліктің жолын кесіп, бұрылыс жасаған.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан Toyota жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, Volkswagen көлігін соққан. Соққының қатты болғаны соншалық, Volkswagen Passat жолдың қарсы бетіндегі жиекке дейін шығып кетеді.

© Sputnik / СтрингерЖол ережесін сақтамаған Passat жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал салонда болған жолаушы әйел мен екі бала дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді
Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті: арасында екі бала бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жол ережесін сақтамаған Passat жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал салонда болған жолаушы әйел мен екі бала дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді

Оқиға салдарынан төрт адам жарақат алды. Жол ережесін сақтамаған Passat жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал жолаушы әйел мен екі бала дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді.

Жаңалықтар
0