13:29 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
213 0 0

Алматыдан ауылға қонақтап барған екі баланың жүк пойызы үстіндегі ойыны қайғылы аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір - Sputnik. Жамбыл облысында 14 жасар жасөспірім тоққа түсіп өлді. Марқұмның ағасы да жарақат алды, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Ағалы-інілі  Жамбыл облысы Отар ауылындағы әжесіне қонаққа келген. Олар станцияда тұрған жүк вагонының үстіне шығып ойнаған. 14 жасар жасөспірімді тоқ соғып, денесінің 70 процентін күйік шалды. Оқушы ауруханада көз жұмды.

"Екінші баланың жағдайы қанағаттандырлық. Алматыда ем алып жатыр. Әлеуметтік желілер мен месенджерлерде Отар ауылында болған оқиғаға мүлдем қатысы жоқ видео тарауда. Оқиға орнында ешқандай сыртқы видеокамера жоқ. Көз жұмған жасөспірімнің ата-анасы бұл видеоны таратпауды сұрайды", − деді Қордай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Сатымқұлов.

Қазір оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: "Жертөледе есімді жидым": Павлодарда жоғалған 12 жасар қыз табылды

 

Кілт сөздер:
оқушы, Жамбыл облысы
Загрузка...

Басты тақырып