13:37 15 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.99
  • EUR515.29
  • RUB5.69
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
130 0 0

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі көз жұмды, ал оның жанында болған жолаушы жақын жердегі ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Алматы қаласының Наурызбай ауданында КамАЗ бен ВАЗ бетпе-бет соқтығысты. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала мәліметке сәйкес, жеңіл көліктің иесі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Жол апаты Карьерная көшесінің бойында болған. КамАЗ жүргізушісі оңтүстікке қарай жүрген. Оның айтуынша, қарсы алдынан жеңіл автокөлік шыққан. Маневр жасауға мүмкіндік болмаған. Екі көлік бетпе-бет соқтығысқан.  

© Sputnik / Стрингер
Алматыда жүк көлігімен соқтығысқан ВАЗ жүргізушісі көз жұмды

Соққының қатты болғаны сонша, ВАЗ-2114 автокөлігі инерциямен жолдың басқа жағына ұшып түскен. Ал КамАЗ-дың алдыңғы сол жақ доңғалағы жұлынып кетіпті. Осыдан кейін жүк көлігі жол жиегіне шығып тоқтаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бірақ дәрігерлер жеңіл көліктің жүргізушісі жан тапсырғанын анықтады. Ал оның жанында болған жолаушы сан алуан дене жарақатымен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Жүк көлігінің жүргізушісі де жарақат алды. Алайда ауруханаға жатудан бас тартты.

Загрузка...

Басты тақырып