02:50 25 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
3030 0 0

Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде төбелестің видеосы анықталды. Сол бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Алматының "Алтын орда" базарында болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Полиция тергеу шараларын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Instagram-пабликтерде тараған ақпаратқа сәйкес, "Алтын орда" базарында тұрақ үшін ақы жинайтын ер адам 100 теңге беруді талап еткен. Бірақ көлік жүргізушісінде 20 мың теңгелік тұтас ақшадан басқа тиын-тебен болмады. Ол картаға аударым жасауды ұсынды. Бірақ тұрақ қызметкері келіскен жоқ. Екеуі сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Видеода жанжалдың қалай басталғаны көрсетілмейді. Көлік жүргізушісі тұрақ қызметкерін жағадан алып, баспен бір ұрады.

Ал  Instagram-да жарияланған видеода екі жақтың төбелестен кейін полицияны күтіп тұрғанын көруге болады. Арғы жағында балағат сөздер естіледі. Осы кезде көлік жүргізушісі: "Тоқта!",- деп,  тағы бір ер адамның артынан жүгіреді. Оның бәкіні лақтырып тастағанын көрсетеді. Осыдан кейін видео үзіледі де, бірден бір топ адам көліктің терезесін ұрып жатқан кадрға ауысып кетеді. Көлік жүргізушісі қаша жөнеледі. Жолда базардың басқа қызметкерлері де көлікті ұрып, тоқтатуға тырысады.

Көлік жүргізушісі бейнеүндеу де жазды. Оның айтуынша, төбелес кезінде ұлтаралық жанжал болған жоқ. Ол базар қызметкерлері жабылғаннан кейін келіншегі үшін қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен. 

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтады. Базардағы төбелес бүгін таңғы сағат 9:10-да болған. Бірақ жанжалдан кейін Қарасай аудандық полиция басқармасына ешкім арыз түсірген жоқ. Дегенмен әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде төбелестің видеосы анықталды. Сол бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

"Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы барды. Қазіргі кезде видеодағы барлық адам анықталды. Тергеу аясында екі жақ та жауап беріп жатыр", - деді полицейлер Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі ("бұзақылық, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Министрлік Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес туралы ақпарат берді
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес кезінде екі тұрғын көз жұмды: 11 адам ұсталды
Қарағандыда жаппай төбелес болғаны хабарланды
"Басы тиіп кетті": Ақтау мал базарында жаппай төбелес болды – видео
Қапшағай ойынханасындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Кілт сөздер:
базар, Алматы, видео, төбелес
Загрузка...

Басты тақырып