Оқиға

Бес адам көз жұмды – Қарағанды облысында жол апаты болды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи на дороге
Автомобиль скорой помощи на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2021
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша жүргізуші тасжолдағы қоршаудың кронштейніне соғылған. Полиция апатқа қатысты ақпарат берді

АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik. Жезқазған мен Сәтбаев арасындағы тасжолда 22 наурыз күні бес адамның өмірін қиған жол апаты болды.

"ВАЗ-21099" көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдағы қоршаудың кронштейніне соғылған. Көлік жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды", - деді облыстық полиция өкілі Бақытжан Құдияров.

"Патриот Караганды" өңірлік тобының ақпаратына сәйкес, қайтыс болғандар арасында ағасы мен қарындасы болған.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды. Полиция бұл қоршау көлік салонына кіріп кетіп, жолаушыларға қауіп төндірген алғашқы жағдай емес екенін айтты.

Жаңалықтар
0