Оқиға

Интернетте танысқан жігітпен кездескен: Алматыда үш күн бұрын жоғалған қыз өлі табылды

© Sputnik / Владислав ВодневТелефон, архивтегі сурет
Телефон, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Жазылу
Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды, 28 жастағы күдікті ұсталды

АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Алматыда үш күн бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы тұрғынның өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін 19 жастағы Аяжан Еділованың туыстары бойжеткеннің жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған еді. Аяжан 19 наурызда кешке жұмыстан шығып, сол күйі үйіне қайтып оралмаған.

Аяжанның әпкесі 20 наурызда полицияға хабарласып, қыздың жоғалып кеткенін айтты. Жедел тергеу тобы құрылып, олар істің мән-жайын анықтауға кірісті.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қыз жоғалып кеткен күні әлеуметтік желіде танысқан жаңа танысымен кездесуге жиналғаны анықталды. Қыз қылмыстық әрекеттің құрбаны болған", - деп хабарлады полиция.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Түркістан облысының 1993 жылғы тұрғыны ұсталды. Қазір полиция кісі өлтірудің себебі мен әдісін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізуде.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы екінші бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар
0