Оқиға

Алматыда "барахолка" отқа оранды - видео

© Photo : ДЧС АлматыПожар на барахолке
Пожар на барахолке - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Өрт сөндіру қызметінің оқиға орнына жетуіне көліктер кедергі жасаған. Сондықтан эвакуатор шақыруға тура келді

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Жұма күні "Байсат" базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сағат 14:51-де өрт сөндіру қызметі Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жол, 7, "Байсат" базарына шұғыл жетті.
"Өрт сөндірушілер 3 минуттан соң жетті. Бірнеше контейнер жанып жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру қызметінің оқиға орнына жетуіне көліктер кедергі жасаған. Сондықтан эвакуатор шақыруға тура келді.
Жаңалықтар
0