Оқиға

Теміртаудағы жарылыс: зардап шеккен жұмысшы көз жұмды

© AP Photo / Daniel ColeОкровавленные бинты на постели пациента палаты интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Окровавленные бинты на постели пациента палаты интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Жылу электр орталығындағы жарылыстан екі жұмысшы зардап шекті, бірінің денесінің 90 процентін күйік шалған

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Теміртауда "АрселорМиттал Теміртау" жылу электр орталығындағы жарылыс кезінде зардап шеккен жұмысшының бірі көз жұмды, деп хабарлайды EKaraganda.kz.

Қайғылы оқиға 11 наурызда болды. ЖЭО-2 механикалық цехтың шеберханасында балқыту кезінде от шығып, ішінде бояуы бар ыдыс жарылған. Ғимарат ішінде жұмыс жасап жатқан темір ұстасы мен жөндеуші маман оттан қашып үлгермеді. Жұмысшының бірі 90 процент дене күйігін алса, екіншісінің денесінің 25 проценті күйіп қалды. Зардап шеккен азаматтарды боран салдарынан Қарағандыға жеткізу мүмкін болмады, мамандарды Теміртауға алдыртты.

Сәрсенбі күні 90 проценттік дене күйігімен ауыр халде ауруханаға жеткізілген 50 жастағы ер адамның 15 наурызда қайтыс болғаны белгілі болды.

Осы жағдайдан кейін ЖЭО-да жөндеу жұмыстары тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында мектепте жарылыс болды

Еске салсақ, 24 ақпанда ЖЭО-да дер кезінде жөндеу жұмыстары жүргізілмеуінің салдарынан Теміртау аязды күндері жылусыз қалды. Жылу беруді қалпына келтіруге үш күн кетті.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ЖЭО-2 аумағындағы жетінші қазандықты салуды биыл аяқтауды тапсырды. Өңір басшысы атап өткендей, "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорны карантинді желеу етіп жөндеу жұмыстарын созып келген.

Жаңалықтар
0