Өңірлер

Мәйітті құдыққа тастаған: Қостанайда әйелін жұртпен бірге іздеген ер адам күдікке ілінді

© Sputnik / Владислав ВодневТриумфальная арка
Триумфальная арка - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
8 наурыз қарсаңында Қостанай облысында жантүршігерлік қылмыс жасалды. Күдікті әйелінің жоғалып кеткені туралы полицияға шағымданып, оны іздеу жұмыстарына қатысқан

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қостанай облысының  21 жастағы тұрғыны әйелін тұншықтырып, оның мәйітін құдыққа тастаған деген күдікке ілінді.

8 наурыз қарсаңында Қостанай облысындағы Лаврентьевка ауылының тұрғыны әйелінің жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлаған. 36 жастағы ер адам жұбайы үйден кеткен соң байланысқа шықпай жатқанын мәлімдеген. Әйел екі жастағы ұлын үйінде қалдырып кеткен, деп хабарлады tobolinfo.kz.

Жоғалған әйелді полиция, ауыл тұрғындары мен оның күйеуі жұмыла іздестірді. Біршама уақыт өткен соң жоғалған әйелдің күйеуі күдікке ілінген.

Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне пышақ салды

Белгілі болғандай, жас келіншек күйеуімен ажыраспақшы болған. Полиция болжамы бойынша, екеуі жанжалдасып, 36 жастағы ер адам әйелін тұншықтырып, оның денесін құдыққа тастаған. Ал анасына әйелі киім-кешегін жинап үйден кетіп қалғанын айтқан.

Әйелдің мәйіті 8 наурызда табылып, келесі күні марқұмның денесі жер қойнына тапсырылды. Екі жастағы бала қазір күдіктінің туыстарының үйінде тұрып жатыр. Ер адам қамауға алынды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0