08:04 21 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2651 0 0

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкер мен 1 техникасы, 1 полицей мен жоғалған адамның үш туысы жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз — Sputnik. Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалып кеткен Ащысай ауылының тұрғыны табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне 16 наурыз күні сағат 14.00-де хабар түсті. 1980 жылы туған ер адамның екі күн бұрын мал іздеп шығып, қайта оралмағаны белгілі болды", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкер мен 1 техникасы, 1 полицей мен жоғалған адамның үш туысы жұмылдырылды.

16 наурызда сағат 15.10-да​ құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен аумақтан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен.

Құтқарушылар тез арада ер адамды құтқаруға кірісті. Олар құтқару жібінің көмегімен құдықтан алып шықты. Ер адам медициналық көмекке мұқтаж емес.

Тақырып бойынша

Ұшақ жүріп бара жатқан автокөліктің үстіне құлады – жантүршігерлік видео
Полицейлер жолда қалған адамдарға көмектесіп жатқанда оқыс оқиға болды – видео
Басына шайба тиген хоккейші қайтыс болды – видео
Маңғыстауды шаңды дауыл басты – видео
Мақпал Жүнісованың қызы жұртты өнерімен тәнті етті – видео
Кілт сөздер:
құдық, видео, Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырып