Өңірлер

Жүргізуші жүріп бара жатқан көліктен секіріп, оны видеоға түсіріп алды 

CC0 / / Автомобильные зеркала,иллюстративное фото
Автомобильные зеркала,иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Видеода жас жігіт есікті ашып, екі аяғын жерге тірейді де, сырғанап көреді. Бірақ рөлді ұстай алмай қалады

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында көлік жүргізушісі жүріп келе жатқан автокөліктен шығып, рөлді ұстай алмай қалды. Осының бәрін оның жанында отырған жолаушы видеоға түсірген. Облыстық полиция бетперде киген көлік жүргізушінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде тараған видео көлік жүргізушінің тасжолмен келе жатқанын байқауға болады.

"Ассаламағалейкум, жігіттер! 13 наурыз, Шымкент-Түркістан, жолға шықпаңдар. Міне, 45 (Toyota Camry 45 – Sputnik) зорға келе жатыр", - дейді ол.

Осыдан кейін жігіт есікті ашып, екі аяғын жерге тірейді де, сырғанап көреді. Бірақ рөлді ұстай алмай қалады. Оның шынтағымен орындықты тіреп жатқаны байқалады. Осымен видео үзіледі.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да таксист көліктен секіріп кетті – полиция оқиғаның мән-жайын анықтады

Түркістан облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушіні анықтады. Ал видео "Шымкент-Самара" тасжолында Төрткүл ауылына жақын жерде түсірілген.

"Toyota Camry жүргізушісі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 3-бөлігі "Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау" бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, видеоға түскен көлік жүргізушісі 5 айлық есептiк көрсеткiш (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Жаңалықтар
0