Оқиға

Алматыдан келген жиен бір отбасын ойран етті: қанды оқиғаның мән-жайы анықталды

© AFP 2024 / ALAIN JOCARDЧеловек в наручниках, задержанный полицейскими, фото из архива
Человек в наручниках, задержанный полицейскими, фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2021
Жазылу
49 жастағы әйелдің жарақаты тым ауыр болған соң, ол Петропавл қаласының ауруханасына жеткен сәтте жан тапсырған

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Полицейлер осыдан екі күн бұрын Петропавлда Алматыдан келген қонақ үш туысын пышақтап тастағанын хабарлаған болатын. Қаскүнемнің қолынан оның жеңгесі қаза болды. Ал інісі мен әжесі қазір ауруханада жатыр.  

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, қаныпезер отбасы мүшелерін бірнеше сағат бойы қинаған көрінеді. Сағат түнгі үштер шамасында оқиға орнына келген жедел жәрдем жәбірленушілердің тұла бойында сау жері қалмағанын айтады. Азғынның қатыгездігінен дәрігерлердің төбе шашы тік тұрды.

Павлодар облысында көпбалалы ана жантүршігерлік қылмыс жасады

49 жастағы әйелдің жарақаты тым ауыр болған соң, ол қалалық ауруханаға жеткен сәтте жан тапсырған. Ал 29 жастағы жігіт пен 89 жастағы әжейдің өмірін сақтап қалу үшін ақхалаттылар бірнеше сағат ота жасаған. Қазір олар аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.  

"Зардап шеккендердің денесінің әр мүшесі тілім-тілім болып, аяқ қолдары сынған. Операция кезінде біз жараларын емдеп, қанды көп жоғалтқан соң, қосымша қан құйдық. 89 жастағы қария облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал біздің ауруханада жатқан 29 жастағы жігіттің жағдайы ауыр", - дейді Петропавл қалалық көп салалы ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Виталий Шилкин.

Қайғыдан қан жұтқан отбасының жақындары сұхбат беруден бас тартқанымен, жағдайдың ақ-қарасын ашып берді. Айтуларынша, азғындық жасаған олардың жиені. Ол Алматыдан ескертусіз келіп, Петропавлдағы дәмханалардың бірінде араққа сылқия тойып алған. Артынша туысқандарына түн ортасында келіп, ақша талап еткен. Ағайын-туыс оның есірткіні жиі қабылдағанын айтады. Енді істің ақ-қарасын  полицейлер анықтамақ. Олар қаскөйді бірден құрықтап, абақтыға қамап тастады.

Жаңалықтар
0