Оқиға

"Саран" шахтасынан 350 кенші эвакуацияланды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото шахтера на руднике
Архивное фото шахтера на руднике - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта апатты жою және себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз — Sputnik. "Саран" шахтасынан 350 кенші эвакуацияланды.

2021 жылы 12 наурызда үшінші ауысымда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Саран" шахтасында көлбеу конвейерлік квершлагта өрт шықты.

"Апатты жою жоспары дереу енгізілді. Шахтадағы 348 жұмысшы жер бетіне лезде шығарылды", - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта апатты жою және себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңалықтар
0