Оқиға

Қарағандыда пәтерден бөлшектелген мәйіт табылды

© Sputnik / Murad OrujovНож в руке мужчины, архивное фото
Нож в руке мужчины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Оның 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Қарағандыда Университетская көшесіндегі пәтерлердің бірінде зорлық-зомбылық белгілерімен 36 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес ("адам өлтіру") қылмыстық іс тіркелді.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Оның 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталып отыр.

Ол танысымен пәтерде ішімдік ішіп отырып, сөзге келіп қалғанын айтты. Соңы адам өлтірумен аяқталды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. 

Бірқатар БАҚ мәйіт бөлшектелгенін жазуда. Күдікті денені қоқысқа лақтыруға әзірлеген.

Жаңалықтар
0