Оқиға

Қостанайда ер адам құрдасын өлтірді - полицей ұсталды

© AP Photo / Michael ProbstГильза
Гильза - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Жазылу
Қылмыс 8 наурызға қараған түні жасалды. Күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Қостанай қаласында жанжал кезінде қарсыласын атып тастаған ер адам ұсталды, деп хабалады облыстық полиция департаменті.

Оқиға түнгі сағат үштің кезінде болған. Тәуелсіздік көшесінде екі ер адамның арасында жанжал туындаған. 

"Қостанай облыстық полиция департаменті 37 жастағы екі ер адамның арасындағы жанжал бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" аясында сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Жанжал кезінде біреуі екіншісін тіркелген мылтықпен атып тастаған", - дейді полицейлер.

Жарақат алған ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Ал жол-патрульдік полиция оқ атқан адамды ұстап, қамауға алды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

БАҚ-тың хабарлауынша, күдікті – полиция қызметкері. Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс бастады.

Айта кетейік, қамауға алынған ер адамның кінәсі дәлелденсе, оны 8-12 жылға түрмеге қамауы мүмкін.

Жаңалықтар
0