Оқиға

Футбол ойнай алмағаны үшін мазаққа ұшыраған – оқушы өзіне қол салды

CC0 / / Подросток
Подросток - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Қылмыскерлердің көбісі бала кезінде қатарластарынан қысым көрген, я болмаса, отбасының ішінде қарым-қатынас дұрыс болмаған, дейді Марат Қожаев

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Футбол ойнай алмағаны үшін сыныптастарының мазағына шыдай алмаған оқушы өз-өзіне қол салды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тергеу тәжірибесінен нақты бір мысалды келтірейін, еліміздегі бір мектепте 12 жастағы оқушылар өз сыныптасына футбол ойнай алмағаны үшін үнемі психологиялық қысым, олардың тілімен айтқанда, "троллинг" жасаған. Команда бірнеше ойында ұтылған. Содан олар барлық кінәні өз сыныптасына артқан. Дұрыс ойнай алмайсың деп, барлығы оны мазақ қылған. Бала оған шыдай алмады, ақыры өз-өзіне қол салды", - деді Қожаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, буллинг, яғни, біреуді қудалау әртүрлі формада болуы мүмкін. Мысалы, бала туралы кәуесет таратып жібереді, күш көрсетіп, сөзбен тиіседі. Байкот жариялап, топтан шығарып тастайды.

Тоғызыншы сынып оқушысы 50 жастағы адамға тұрмысқа шықпау үшін өзіне қол салды

"Ондай қудалау баланың психикасына кері әсер етеді. Ал өскеннен кейін ерекше қатыгездік сияқты салдары да көрінуі әбден мүмкін. Криминалистика тарихы көрсетіп отырғандай, белгілі қылмыскерлердің көбісі бала кезінде қатарластарынан қысым көрген, я болмаса, отбасының ішінде қарым-қатынас дұрыс болмаған. Ондай теріс мысалдар біздің ортамызда да бар екенін мойындауымыз қажет. Әсіресе, жасөспірімдер арасында буллинг көп", - деп атап өтті Қожаев.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы 143 жасөспірім суицид жасаған. Бұдан бөлек, 306 бала өз-өзіне қол салуға әрекеттенген. Бүгінде көп жағдайда суицидтің нақты себебін анықтау қиын. Себебі балалар өз проблемасын мұғалімге де, ата-анасына да көп айта бермейді.

Жаңалықтар
0