Оқиға

Ата-анасы жұмыста болған: СҚО-да тұрғындар үйден 5 жасар баланың денесін алып шықты

© Sputnik / Владислав ВодневРебенок у окна, архивное фото
Ребенок у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Өрт сөндірушілер келгенше баланың денесін үйден жергілікті тұрғындар алып шыққан

ПЕТРОПАВЛ, 2 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыпты жұмыста болған кезде өрт шығып, бес жасар бала көз жұмды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дмитрий Растихин хабарлады.

Төтенше жағдай 1 наурызда Аққайың ауданының Новороссийск ауылында болды. Өрт туралы хабар куәгерлерден 18:59-да түсті.

"Оқиға орнына келген кезде бір қабатты үйдегі екі пәтердің бірі жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жергілікті тұрғындар 2015 жылы туған баланың жансыз денесін алып шыққан. Өлімнің себебі анықталып жатыр, баланың денесі сараптамаға жіберілді", - деді Растихин.

Өрт шыққан кезде бала үйде жалғыз болған, ата-анасы жергілікті ЖШС-да жұмыс істейді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына бір сағаттан астам уақытта жетті, себебі ауыл өрт сөндіру бөлімінен 50 шақырым жерде орналасқан. Олар келген кезде үй жалындап жанып жатқан.

© Photo : ДЧС СКОЕрлі-зайыпты жұмыста болған кезде өрт шығып, бес жасар бала көз жұмды
Ата-анасы жұмыста болған: СҚО-да тұрғындар үйден 5 жасар баланың денесін алып шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Ерлі-зайыпты жұмыста болған кезде өрт шығып, бес жасар бала көз жұмды

"Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр. Өрт ас үйден шыққан, алдын ала болжам бойынша, пештен шыққан. Үйдің ішінде от тез тұтанған, себебі үй қамыс пен кірпіштен салынған. Салдарынан үйдің жартысы жанып кетті", - деді Растихин.

Айта кетейік, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 138 өрт болды, 21 адам қаза болды. Оның ішінде екі бала бар. Тағы 29 адам зардап шекті. Өрттің 76%-і тұрғын үй аумағында шыққан.

Жаңалықтар
0