Оқиға

Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды – видео

© Photo : МЧС КазахстанаОқиға орнында түсірілген сурет
Оқиға орнында түсірілген сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
Боралдай – Кеген бағыты бойынша санитарлық рейс орындайтын Ан-2 ұшағы тас жол маңына шұғыл қонды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Санитарлық рейс орындайтын "Азия Континенталь" компаниясының Ан-2 ұшағы Алматы облысындағы Боралдай тас жолынан шығысқа қарай бір жарым шақырым қашықта шұғыл қонуға мәбүр болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

"Ұшақ бортында бес адам болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай бүгін сағат 12:30-да болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Тергеу шараларын индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің әуе кемелері апаты мен оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында болған еді. Өскемен–Зайсан бағытында санитарлық рейске шыққан Ан-2 ұшағы шұғыл қонды.

Оқи отырыңыз: Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды

Зайсан қаласындағы науқасқа көмек көрсету үшін ұшып шыққан ұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері болған.

Кейіннен ұшақтың қайта көкке көтерілгені хабарланды.

Жаңалықтар
0