Өңірлер

Екібастұздағы кісі өлімі: қылмысқа не себеп болғаны хабарланды

© AFP 2024 / KAREN BLEIERМужчина держит пистолет Colt, архивное фото
Мужчина держит пистолет Colt, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
23 ақпанда Екібастұз қаласында аулада ер адам кісі қолынан көз жұмды. Артынша қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 65 жастағы ер адам ұсталды

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Полиция Екібастұз тұрғынын өлтірді деген күдікпен ұсталған адамнан жауап алды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Тұрмыстық және жұмыстағы жанжалға байланысты жәбірленуші мен күдікті бұрыннан өштесіп жүрген, осы жағдай кісі өлтіруге себеп болған", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Айта кетейік, бұған дейін Sputnik Қазақстан 23 ақпан күні таңғы сағат 08.00 шамасында Екібастұз қаласы Сәтпаев көшесіндегі тұрғын үй ауласында белгісіз біреу қоқыс төгуге шыққан ер адамға оқ атқанын жазған болатын. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды.

Екібастұзда далаға қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып кетті – видео  

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады.

Күдіктінің қаруы тәркіленіп, өзі Екібастұз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0