Оқиға

Екібастұзда далаға қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып кетті – видео

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивное фото мужчины с пистолетом Макарова в руке
Архивное фото мужчины с пистолетом Макарова в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2021
Жазылу
Қылмыс қаладағы ықшамаудандардың біріндегі аулада болды. Көз жұмған ер адам далаға қоқыс төгуге шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Екібастұзда тапа-тал түсте ер адамды атып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кісі өлтіру сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қайғылы оқиға таңертеңгі сағат 08:00 шамасында қаладағы ықшамаудандардың бірінің ауласында болған.

Полиция хабарлағандай, белгісіз біреу аулада ер адамға оқ атқан. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Қазір қылмысқа күдікті азаматты анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыскердің кінәсі дәлелденсе, ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Маңғыстау облысында ер адамды өз автокөлігінде өлтіріп кетті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде Азия чемпионын өлтіріп кетті

Жаңалықтар
0