00:57 01 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD417.02
  • EUR505.51
  • RUB5.59
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
6336 0 0

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті. Тұрғындар эвакуацияланды, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

ПЕТРОПАВЛ, 21 ақпан — Sputnik. Петропавлдың орталығында бесқабатты жатақханада газ жарылып, екі адам қайтыс болды. Он үш адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

"Сағат 15:59-да 101 телефонына Интернациональная көшесі, 21 мекенжайындағы бес қабатты үйдің 1-қабатында газ баллоны жарылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына облыс орталығындағы барлық өрт сөндіру бөлімшелері мен департаменттің жедел-құтқару жасағы жетті", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, 13 адам зардап шеккен, 2 кісі қайтыс болды. Бір әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр, аумақ қоршауға алынды.

№ 2 орта мектепке 120 адам эвакуацияланды. Жедел штаб құрылды.

  • Медики госпитализируют пострадавших
    Интернациональная көшесі, 21 мекенжайындағы бес қабатты үйдің 1-қабатында газ баллоны жарылды
    © Sputnik / Елена Бережная
  • Пожарные на месте происшествия
    Оқиға туралы 101 телефонына сағат 15:59-да хабар түсті
    © Sputnik / Елена Бережная
  • Взрыв газа произошел в пятиэтажном общежитии в Петропавловске
    № 2 орта мектепке 120 адам эвакуацияланды
    © Sputnik / Елена Бережная
1 / 3
© Sputnik / Елена Бережная
Интернациональная көшесі, 21 мекенжайындағы бес қабатты үйдің 1-қабатында газ баллоны жарылды

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жарылыстың қатты болғаны соншалық, көрші үйлерде де сезілген. Көліктердің дабылы іске қосылды.

Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс жатақханаға қосылған орынжайдағы дәмханада болған.

Тақырып бойынша

Жаңатастағы трагедия: өрт шыққан үйдің көршілері оқиға қалай болғанын айтты
Нұр-Сұлтанда дәмханада жойқын жарылыс болды – видео
Талдықорғанда көп қабатты үйде газ жарылды: ер адамның мәйіті табылды
Ақтөбеге бет алған жолаушылар пойызында газ баллоны жарылды
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Кілт сөздер:
адам өлімі, жарылыс, газ баллоны, Петропавл
Загрузка...

Басты тақырып