Оқиға

Астанада мешіт құрылысы кезінде төтенше оқиға болды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневСамая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой "Нур Алем"
Самая большая мечеть в Казахстане строится на левом берегу столицы, рядом со сферой Нур Алем - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2021
Жазылу
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 ақпан, жұма күні құрылыс жүріп жатқан нысандардың бірінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан — Sputnik. Елордада мешіт құрылысы кезінде үлкен металл контрукциясы құлады. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. 

Видеода құлаған констукция екі кранды зақымдағаны көрінеді.

Астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 ақпан, жұма күні құрылыс жүріп жатқан нысандардың бірінде болған.

"Конструкцияны монтаждап, кранды алып, толық бекіту кезінде құлады. Оқиға болған кезде жұмысшылар түскі асқа кеткен. Қазіргі уақытта бас мардігер "Сембол құрылыс"  болған жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құруда", - деді Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайлар департаментінде.

Ведомствоның ақпараты бойынша зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Құрылыс нысанына өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары барды.

Астаналық әкімдік Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт жеке инвестицияларға салынатынын айтқан болатын. 

Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт

Нұр-Сұлтанда айрықша нысан – Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт бой көтеріп жатыр. Жаңа діни нысан елдегі ең үлкен мешіт саналатын "Әзірет Сұлтан" мешітінен үш есе көлемді болмақ. Жаңа мешіт шамамен 30 мың адамды қабылдай алады. Ал бас күмбездің биіктігі 90 метрге жуықтаса, мұнаралар 130 метр болады.

Ғимараттың жалпы аумағы 70 мың шаршы метрді құраса, құлшылық ететін басты залдың аумағы15 мың шарты метрге жетпек.

Нысан құрылысы шетелдік инвестициялар мен демеушілер қаражатының есебінен жүргізіліп жатыр. Алланың үйі Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында, Mega Silkway сауда-ойын-сауық орталығынан сәл ары, EXPO-2017 ғимаратының артында 9,4 гектар жер учаскесінде орналасқан.

Жаңалықтар
0