Өңірлер

Бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды – Бердібек Сапарбаев

© Sputnik / Владислав ВодневБердибек Сапарбаев
Бердибек Сапарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2021
Жазылу
Жаңатас қаласында өрт салдарынан бір жастан алты жасқа дейінгі бес бала иіс газынан уланып көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Facebook-тегі парақшасында Жаңатаста бес кішкентай баланың өмірін жалмаған трагедия туралы жазды.  

"Бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды", - деді облыс әкімі.

Сапарбаев қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

"Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғысына ортақтасып көңіл айтамын", - деп түйіндеді өңір басшысы.

Жаңатастағы трагедия

Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында пәтерден өрт шығып, 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған 2 ұл мен 3 қыз уланып, ауруханаға жатқызылды. Балалар біраз уақыттан кейін жан тапсырды.

Бір үйдің 5 баласы көз жұмды – Жамбыл облысында пәтер отқа оранды

Алдын ала деректер бойынша отағасы жұмысқа, анасы дүкенге шығып кеткен.

Жаңалықтар
0