Оқиға

Бір үйдің 5 баласы көз жұмды – Жамбыл облысында пәтер отқа оранды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи на дороге
Автомобиль скорой помощи на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Пәтерде ата-ана қарауынсыз кәмелеттік жасқа толмаған бес бала қалған. Олар ауруханаға жеткізілді, алайда аман алып қалу мүмкін болмады

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында пәтерде өрт шықты. Үйде бір жастан алты жасқа дейінгі 2 ұл мен 3 қыз болған, бәрі көз жұмды.

Оқиға сағат 15.15-те 2-ші шағын ауданда болған. 5-қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерде өрт шықты. Үй заттары мен жиһаз жанды.

"Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болды. Алдын ала деректер бойынша отағасы жұмысқа, анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған барлық балалар улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды. Бірақ біраз уақыттан кейін жан тапсырды", - деп жазылған төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына шықты. Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі. Психологтар көмек көрсетіп, жерлеу рәсімі ұйымдастырылады.

© Photo : МЧС РКОқиға сағат 15.15-те 2-ші шағын ауданда көлемі 16 шаршы метр пәтерде болған
Бір үйдің 5 баласы көз жұмды – Жамбыл облысында пәтер отқа оранды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Оқиға сағат 15.15-те 2-ші шағын ауданда көлемі 16 шаршы метр пәтерде болған

Жамбыл облысы ТЖД бастығы, жылжымалы өрт-техникалық зертханасы, жедел топ және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологтары Жаңатасқа шықты.

Сонымен қатар, Жаңатасқа облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов шықты.

© Photo : МЧС РКОқиғаның себебін анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары бастаған арнайы комиссия құрылды
Бір үйдің 5 баласы көз жұмды – Жамбыл облысында пәтер отқа оранды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Оқиғаның себебін анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары бастаған арнайы комиссия құрылды

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері және 1 техника жұмыс істегені хабарланып отыр. Өрт толықтай сөндірілген.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні астанадағы Көктал-1 тұрғын алабында, жеке үйдің аумағында уақытша баспана өртеніп кетті. Құтқарушылар 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыздың мәйітін тапты. Төтенше жағдайға өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған. Сол түні балалардың ата-анасы жұмыста еді.

Бұл трагедия бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді, көпбалалы аналар көшеге шығып, өз проблемаларын жеткізді. Қазақстандықтар бес қызынан айырылған отбасыға көмектесу үшін ақша жинау науқанын өткізді.

Жаңалықтар
0