Оқиға

Таразда ағаштар құлап, үйлердің шатырын жел ұшырып жатыр – видео

© SputnikДеревья упали на прохожего и припаркованный автомобиль
Деревья упали на прохожего и припаркованный автомобиль  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Қазір қала көшелерінде бірқатар бағдаршам істен шығып, құлаған ағаштар жол қозғалысында қиындық тудыруда

ТАРАЗ, 19 ақпан — Sputnik, Ақмарал Шағатай. Тараз қаласында жойқын жел басталып, қалалық коммуникация қызметін әбігерге салды. Түс уақытына қарай басталған жел салдарынан ағаштар құлап, бағдаршамдар істен шығып жатыр. Сондай-ақ, облыс орталығының бірқатар аудандарында электр жарығы сөнген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қала тұрғындары жұлынған шатыр, құлаған ағаш видеоларын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.

Сонымен қатар, қаланың ең жаңа аймағы саналатын 15-ші ықшамауданда жаңа салынған көпқабатты тұрғын үйдің бірінің шатырын жұлып әкетті. Осыған байланысты шағын ауданның жанындағы тасжолдағы қозғалысқа шектеу қойылды.

Қалалық әкімдік өкілдері дауылдың салдары желдің беті қайтқаннан кейін қалпына келтірілетінін айтты. 

"Қазір басты мәселе - адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін дауыл салдарының алдын алу", - деді жергілікті билік өкілдері Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, 19 ақпанда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысқан, екпіні 23-28 м/с-ке жетті. Облыстың оңтүстік-батысында, тіпті, секундына 30 м/с-ке дейін жетті.

Жаңалықтар
0