Өңірлер

Шымкентке бара жатқан ұшақтың Алматыға не себепті қонғаны белгілі болды

© Photo : FlyArystanFlyArystan
FlyArystan - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі Шымкентке бет алған ұшақтың шұғыл қонбағанын хабарлады

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы Fly Arystan ұшағы Алматыға қонды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі ұшақтың шұғыл қонбағанын хабарлады.

"Ұшақ шұғыл қонған жоқ. Шұғыл қонатындай жағдай болмады. Ұшақ бізге (Алматы халықаралық әуежайы – Sputnik) Шымкенттің метеожағдайына байланысты қосалқы аэродромға келді", - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Сондай-ақ, толық ақпаратты Fly Arystan әуекомпаниясынан білуді сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ бетінде ауа райына байланысты ұшақтың Алматыға шұғыл қонғаны хабарланды. Шымкентке ұшу сағат 10:45-ке ауыстырылғанын айтылды.

Оқи отырыңыз: Мамин мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды – БАҚ 

Fly Arystan компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты әуе компаниясы таратпағанын жеткізді.

Жаңалықтар
0