Оқиға

Қазығұртта мектептен қайтпаған баланың қайда жүргені анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинШкольник
Школьник - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бала сегіз шақырым жердегі көрші ауылдан, ойнап жүрген жерінен табылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында  Қазығұрт ауданының полицейлері жоғалған баланы тауып, үйіне қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелетке толмаған баласы мектепке кетіп, қайта оралмағанын жеткізген. Отбасы 11 жастағы баланы өздері іздеп таппаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.

Оқи отырыңыз: Сарыағашта қызының сөзіне мән бермеген ата-ана полициядан көмек сұрауға мәжбүр болды

Полицейлер мектептен шығып кеткен 11 жасар жасөспірімді бөлімшеге тіркеп, іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары учаскелік полиция инспекторлары барлық көше мен ауланы мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан жауап алды.

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бала тәулік ішінде сегіз шақырым жердегі көрші ауылдан, ойнап жүрген жерінен табылды.

Полицейлер жасөспірімді үйіне қайтарып, анасына тапсырды. Ал жасөспірімнің анасы Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.  

Жаңалықтар
0